Орыс тілінде ресімделген құжаттан қазақ тіліне аудару
Орыс тілінде ресімделген құжаттағы «с 5 по 9 октября 2017 года на 5 календарных дней» деген мерзімді «2017 жылғы 5 қазаннан бастап 9 қазанға дейін күнтізбелік 5 күнге» деп аударуға бола ма?
Жоқ, болмайды. «2017 жылғы 5 қазаннан 9 қазанға дейін» деген сөйлемде «9 қазанға дейін» деп айтылған, бұл мерзімге 5, 6, 7, 8 қазан кіреді, ал «9 қазан» мерзімнің ішіне кірмейді, сондықтан ол тек күнтізбелік 4 күнді қамтиды. Бұл сөйлемді «2017 жылғы 05-09 қазан аралығындағы күнтізбелік 5 күнге» деп аудару қажет.
Пікір 1
Н
Нұржан Сейсенбек 19 Қазан 2017 11:11:29
Жоқ, болмайды. «2017 жылғы 5 қазаннан 9 қазанға дейін» деген сөйлемде «9 қазанға дейін» деп айтылған, бұл мерзімге 5, 6, 7, 8 қазан кіреді, ал «9 қазан» мерзімнің ішіне кірмейді, сондықтан ол тек күнтізбелік 4 күнді қамтиды. Бұл сөйлемді «2017 жылғы 05-09 қазан аралығындағы күнтізбелік 5 күнге» деп аудару қажет.Пікір қалдырыңыз
Кіру