ҚР аумағындағы жеке және шетел ұйымдарының ісқағаз жүргізу стандарттары бойынша
Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік, жеке ұйымдарда, шетел компанияларында ісқағаз жүргізу стандарттары мен нормаларын ішкі нормативтік құжаттарда өз қалаулары бойынша белгілеуге бола ма?
Пікір 1
Н
Нұржан Сейсенбек 19 Қазан 2017 11:09:52
Жоқ, болмайды. Қазақстан Республикасының аумағында қызмет атқаратын отандық және шетел компанияларының барлығы өзінің құжаттау ісінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын» басшылыққа алуға тиіс.Пікір қалдырыңыз
Кіру