Қарағанды қаласына барғанда бір байқағаным, «орекеңдер» өте көп екен. Әңгіме ол жайлы емес. Аударма жайлы. Сапасыз аударма тақырыбы туралы талай айтылған. Әр блогердің архивінде бар десе де болады. Айта-айта, жаза-жаза сөз де таусылады. Осы жақында ғана Қарағанды қаласында Бұхар жырау көшесінде, дәлірек жер асты өткелінде ілулі тұрған өрескел аударманы көзіміз шалғанда шалқамыздан түсе жаздадық. «Аталық қырқым» және « Әйелдің қырқымы» деп тұр. Қырқым сөзі басқа сөзбен үйлесімін табушы еді…
Шаштараз қызметтеріне бағалар тізімі
Шаш алу:
— әйелдер үшін
— ерлер үшін десе жарасымды сияқты.
Пікір 0
Пікір қалдырыңыз