ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақ тілінің терминдер сөздігі үнемі жаңа терминдермен толықтырылып отырады, ал бұрыннан қолдынылып келе жатқан және сөздің мағынасын қанағаттандырарлық деңгейде  аша алмайтын терминдер өзгеріске ұшырап, жаңа түрінде қолданылып жүр. Мысалы, ресми мәтіндерде «на бумажных и электронных носителях» сөз тіркесінде кездесетін «носитель» термині төмендегіше аударылады: «тасымалдаушы», «тасымалдағыш», «жеткізгіш», «тасығыш».

«Тасымалдаушы» және «тасымалдағыш» терминдері «тасымалдау –  перевозить» етістігінен жасалғандықтан, «перевозщик» мағынасында қолданылады.

Ресми құжатта «тасымалдаушы» термині қолданылған мысал: «В подпункте 1) пункта 1 «Цен на работы и услуги, реализуемые Республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения «Национальный институт интеллектуальной собственности» Министерства юстиции Республики Казахстан», утвержденные приказом Министра юстиции Республики Казахстанот 18 декабря 2014 года № 368 говорится: «... при приеме заявки на бумажном носителе для проведения формальной экспертизы на изобретение ...»». «2014 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің № 368 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жүзеге асыратын жұмыстары мен қызметтерінің бағаларының» 1-тармағының 1) тармақшасында: «... өтінімді қағаз тасымалдаушыда қабылдау және оған формалды сараптама жүргізу кезінде...» деп айтылған».

Ресми мәтінде «тасымалдағыш» термині қолданылған мысал: «В графе 7 пункта 5 «Норм снабжения техникой и имуществом автоматизации Национальной гвардии Республики Казахстан», утвержденные приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 октября 2015 года № 829 используется данное слово в контексте: «... предназначен для вывода текстовой или графической информации, хранящейся в компьютере на бумажный носитель»». – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 829 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлкімен жабдықтау нормаларының» 5-тармағынының 7-бағанында бұл сөз мынадай мәнмәтінде кездеседі: «… компьютерде сақталған мәтіндік немесе графикалық ақпаратты қағаз тасымалдағышқа басып шығаруға арналған»».

«Жеткізгіш» термині «жеткізу – доставить» етістігінен жасалғандықтан, «поставщик» мағынасына көбірек келеді.

Ресми мәтінде «жеткізгіш» термині қолданылған мысал: «В подпункте 1) пункта 2 «Правил применения научно-технических средств фиксации хода и результатов следственных действий», утвержденные приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года № 91 говорится: «Носитель информации – это материальный объект, содержащий (несущий) информацию, способный длительное время сохранять в своей структуре занесенную в/на него информацию»». – «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығымен бекітілген «Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларының» 2-тармағының 1) тармақшасында: «Ақпаратты жеткізгіш – бұл онда/оған салынған ақпаратты өзінің құрылымында ұзақ уақыт сақтауға қабілеті бар ақпаратты қамтитын (жеткізетін) материалдық объект» деп айтылған».

«Тасығыш» термині «тасу – носить» етістігінен жасалған. Жаңадан жасалған «тасығыш» термині «носитель» мағынасында қолданылады. Мысалы: «В подпункте 9) пункта 3 «Государственного норматива по формированию и представлению технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации в электронно-цифровой форме в экспертные организации и в Единый государственный электронный банк предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов, финансируемых за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора», утвержденного приказом Председателя Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 21 апреля 2016 года № 106-нқ говорится: «Электронный носитель – это материальный носитель, предназначенный для хранения информации в электронной форме, а также записи или ее воспроизведения с помощью технических средств». – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 ақпандағы № 106-нқ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативтің» 3-тармағының 9) тармақшасында: «Электрондық тасығыш – ол ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ, оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе көрсетуге арналған материалдық тасығыш» деп айтылған».

Сонымен, «носитель» терминін аударғанда «тасығыш» терминін қолданған жөн болады.

«База данных» термині де біраз өзгерістерге ұшырады. Ол бірде «деректер базасы», бірде «деректер қоры» болып аударылатын. Ал қазіргі уақытта «дерекқор» болып аударылып жүр.

«Деректер базасы» термині кездесетін мысалды келтірейік. «В пункте 1 «Правил формирования и ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее», утвержденные приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июня 2010 года № 367 где говорится: «Настоящие Правила формирования и ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее разработаны в соответствии с подпунктом 39) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» и устанавливают порядок формирования и ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее». – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасының» 1-тармағында: «Осы, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру тәртібін белгілейді» деп айтылған».

«Деректер қоры» термині қолданылған мысал: «В пункте 174 «Типовых правил документирования и управления документацией в государственных и негосударственных организациях», утвержденные приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2014 года № 144 где говорится: «Вместе с делами в архив передаются регистрационные картотеки на документы и (или) программные средства и базы данных, содержащие информацию о регистрации и исполнении передаваемых документов. Заголовок каждой картотеки или базы данных включается в опись»». – «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының» 174-тармағында: «Істермен бірге мұрағатқа құжаттарға және (немесе) бағдарламалық құралдарға және өткізілетін құжаттардың тіркелуі мен орындалуы туралы ақпаратты қамтитын деректер қорына тіркеу картотекасы беріледі. Әрбір картотеканың немесе деректер қорының тақырыбы тізімдемеге енгізіледі» деп айтылған».

«Дерекқор» термині қолданылған мысал: «В подпункте 11) пункта 3 «Правил сопровождения и доступа к информационным системам и базам данных» приложения к приказу Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 63, где говорится: «База данных – это совокупность данных, организованных согласно концептуальной структуре, описывающей характеристики этих данных, а также взаимосвязей между их объектами»». – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 63 бұйрығына «Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отыру және оларға қол жеткізу қағидалары» қосымшасының 3-тармағының 11) тармақшасында: «Дерекқор – ол осы деректердің сипаттамаларын, сонымен қатар олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы» деп айтылған».

Сонымен, қазіргі уақытта «база данных» терминін аударғанда «дерекқор» термині қолданылады.

«Сопровождение» термині кейбір жылдары «қамтамасыз ету» деп, кейбір жылдары «сүйемелдеу» деп, ал қазіргі уақытта «қолдап отыру» деп аударылады.

«Қамтамасыз ету» терминінің қолданылғаны туралы мысал келтірейік: «В пункте 5 «Паспорта республиканской бюджетной программы 001 «Обеспечение деятельности уполномоченного органа в области информатизации и связи» на 2005 год» приложения 359 к постановлению Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года 1354 установлены задачи бюджетной программы как «сопровождение информационно-телекоммуникационных ресурсов Агентства и его территориальных органов, включающее в себя абонентскую и арендную плату за услуги по доступу к сетям передачи данных»». – «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына «2005 жылға арналған «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның паспорты» 359-қосымшасының 5-тармағында бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: «... Агенттiк пен оның аумақтық органдарының деректер беру желiлерiне қол жеткiзу жөнiндегi қызметтер үшiн абоненттiк және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн қамтамасыз eту» деп белгіленген».

«Сүйемелдеу» термині қолданылған мәтіннен мысал келтірейік: «Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 18 февраля 2014 года № 50 «Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных и концессионных проектов, финансирование разработки или корректировки, а также проведение необходимых экспериз технико-экономических обоснований, консультативное сопровождение концессионных проектов которых осуществляется за счет средств распределяемой бюджетной программы 002 «Разработка или корректировка, а также проведение необходимых экспертиз технико-экономических обоснований бюджетных инвестиционных и концессионных проектов, консультативное сопровождение концессионных проектов» Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан на 2014 год»». – ««Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығы».

Жаңадан қолданылып жүрген «қолдап отыру» терминімен мысал: «В подпункте 16) пункта 3 «Методики расчета затрат на создание, развитие и сопровождение информационных систем государственных органов» приложения 1 к приказу исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 133, говорится: «Сопровождение программного обеспечения – это обеспечение функционирования, процесса улучшения, оптимизации и устранения дефектов и недоработок программного обеспечения после передачи в промышленную эксплуатацию»». – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі» 1-қосымшасының 3-тармағының 16) тармақшасында: «Бағдарламалық қамтылымды қолдап отыру – ол бағдарламалық қамтамасыз етуді өнеркәсіпте пайдалануға бергеннен кейін жұмыс істеуін, жақсарту, оңтайландыру үрдістерін және бағдарламалық қамтамасыз етудің жетіспеген ақауларын жоюды қамтамасыз ету» деп айтылған».

Сонымен, қазіргі уақытта «сопровождение» термині «қолдап отыру» термині арқылы аударылады.

Құжаттың «резолюция» деректемесі кейбір мәтіндерде «бұрыштама» деп аударылып жүрді. Мысалы: «В абзаце четвертом пункта 30 «Типовых правилах документирования и управления документацией в государственных и негосударственных организациях», утвержденные приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2014 года № 144 говорится: «Первые руководители организаций, их заместители могут оформлять резолюцию на отдельном бланке (фишке)»». – «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының» 30-тармағының төртінші абзацында: «Ұйымдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары бұрыштаманы жеке бланкiге (фишкаға) ресімдей алады» деп айтылған».

«Бұрыштама» сөзі «резолюция» терминінің мағынасын ашпайды. «Резолюция» терминінің мағынасына «қарар» сөзінің мағынасы сәйкес келеді.

Анықтамада берілген түсіндірмеде:

Қарар1. жиналыс, мәжіліс, конференция қабылдаған шешім,

2. қызмет құжатындағы лауазымды адам жазған, ол қабылдаған шешім мазмұндалған жазу,

3. сот шешімінің қорытынды бөлігі,

4. компания мүшелерінің міндеттеуші күші бар шешімі - деп берілген

Соңғы ресми құжаттырдың мәтінінде «резолюция» деректемесі ретінде «қарар» термині қоланылып жүр. Мысалы: «В подпункте 3) абзаца второго пункта 6 «Регламента государственной услуги «Выдача сертификата эксплуатанта» приложения 1 к приказу Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1182 говорится: «Для выдачи дубликата сертификата необходимо определение ответственного исполнителя и наложение резолюции руководителем структурного подразделения»». –  «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығына «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» 1-қосымшасының 6-тармағының екінші абзацының 3) тармақшасында: «Сертификаттың телнұсқасын беру үшін құрылымдық бөлімше басшысы жауапты орындаушыны анықтауы және қарар жазуы қажет» деп айтылған».

Кейбір мәтіндерде «цифра» және одан туындаған «цифровой» деген сөздер қазақ тіліндегі мәтінде «сан», «сандық» деп аударылып жүрді. Бұл аударма-сөздер «цифра» сөзінің мағынасын ашпайды.

Анықтамада осы сөздің түсіндірмесі былай берілген: «Цифр – сандардың нақты мәнін жазу үшін қолданылатын белгілер жүйесі». Мысалы: араб цифрлары (0 1 2 3 4 5 6 7 8 9), рим цифрлары (I V X L C D M).

«Сан» сөзі «количество» және «число» сөздерінің аудармасы болып табылады. Мысалы: «Определение количества представителей жителей многоквартирного жилого дома»  – «Көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі»; «ЧП (на дому) – число посещений на дому» – «КС (үйде) – үйде жасалған келулердің саны».

Сонымен, «цифра» сөзі қазақ тіліндегі мәтіндерде «цифр» түрінде қолданылады керек. Мысалы: «В пункте 4 нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 4 «О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан» говорится: «В абзаце первом цифры «241» заменить цифрами «271»». – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағының бірінші абзацында: «241» деген цифрлар «271» деген цифрлармен ауыстырылсын» деп айтылған.

Тиісінше «цифровой» сөзі «цифрлық» деп аударылады. Мысалы, бұл сөз министр бұйрығының атауында қолданылады: «Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1187 «Об утверждении Правил проверки подлинности электронной цифровой подписи»» – ««Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту турулы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы 1187 бұйрығы».

 «Почта» сөзі мәтіндерде өзгеріссіз «почта» түрінде қолданылып жүрді. Мысалы: «В подпункте 1) пункта 1 приказа исполняющего обязанности председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 24 августа 2012 года № 232 «Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике связи и инструкций по их заполнению» говорится: «Утвердить статистическую форму общегосударственного статистического наблюдения «Отчет об услугах почтовой и курьерской деятельности»». – ««Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жалғы 24 тамыздағы № 232 бұйрығының 1-бабының 1) тармақшасында «Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бекітлсін» деп айтылған».

«Пошта туралы» Заңының шығуына байланысты «почта» сөзінің жазылуы өзгерді. Мысалы: «В подпункте 20) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 9 апреля 2016 года № 498-V ЗРК «О почте» говорится, что «Почта – это вид связи, обеспечивающий на территории Республики Казахстан предоставление операторами почты комплекса услуг и осуществление иной деятельности в соответствии с актами Всемирного почтового союза и настоящим Законом»» – «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ Заңының 1-бабының 20) тармақшасында «Пошта – ол пошта операторларының Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін ұсынуын және өзге де қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн байланыс түрі» деп айтылған».

Сонымен, «почта» сөзі қазақ тіліндегі мәтіндерде «пошта» түрінде қолданылады.

Ресми құжаттардың мәтіні бір оқығаннан барлығына түсінікті болу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары құжаттарды ресімдеуде барлығына мәлім, сөздің мағынасын жақсы ашатын терминдерді қолдануға тиіс.

Пікір 0

Пікір қалдырыңыз

Сайт бойынша іздеу

Мақалалар

Үздік мақалалар

Орыс, ағылшын және қазақ тілдері материалдары негізіндегі реферативті және аннотациялық аударма туралы 06 Желтоқсан - 0 пікір

Аудармашы-маманға шет тілінде жазылған...

Толығырақ..
ҮКІМЕТ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ 03 Наурыз - 0 пікір Толығырақ..
Қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздар тілінің дамуына экстралингвистикалық факторлардың ықпалы 23 Маусым - 2 пікір

    Мемлекеттің кескін-келбетін сомдап, қоғамдық болмысын көрсететін тіл...

Толығырақ..