Орыс, ағылшын және қазақ тілдері материалдары негізіндегі реферативті және аннотациялық аударма туралы

Аудармашы-маманға шет тілінде жазылған арнайы әдебиетке (негізінен, ғылыми техникалық мәтіндерге) реферат және аннотация жаза білу өте маңызды. Шетел тілін білмейтін тапсырыс берушіге түпнұсқаның қысқаша мазмұнын білу аса қажет.

Рефераттық аударма түпнұсқадан 5-10 есе қысқа болады. Рефераттық аудармамен жұмыс жасау барысында барлық артық ақпарат алынып тасталады.

Реферат түрлері.

1.        Материалдың баяндалуына қарай рефераттар ақпараттық (реферат-конспект) және индикативтік (реферат-түйіндеме) болып бөлінеді.

Реферат-конспектте түпнұсқаның негізгі мәселелері жалпылама түрде беріледі.

Реферат-түйіндеме анағұрлым қысқа. Ол реферат-конспектпен салыстырғанда жалпылаудың жоғары дәрежесін қажет етеді.

2.        Рәсімделуі мен қабылдануы бойынша рефераттар жазбаша және ауызша бола алады.

3.        Дереккөздердің қамтылу дәрежесі бойынша рефераттар монографиялық, жинақтық, таңдамалы және шолу рефераттары болып бөлінеді.

Монографиялық реферат бір ғана дереккөзге (материалға) сүйеніп жазылады, жинақтық реферат – бірнеше мақалалар, кітаптар мен құжаттарды пайдалану арқылы болса, шолу реферат – арнайы тақырып немесе бағыт бойынша қысқа шолу ретінде жазылады; таңдамалы реферат  - жеке тараулар, бөлімдер немесе материал бойынша жазылады.

          

Рефераттық аудармамен жұмыс жасау кезеңдері:

1)        түпнұсқамен алғашқы танысу (тақырап, жоспар, суреттер, суретасты жазуларын зерделеу, мәтін мазмұнына қатысты ұсыныстар);

2)        көз жүгіртіп оқып шығу;

3)        мазмұнын болжау;

4)        мәтінді екінші рет егжей-тегжейлі оқып шығу; берілген салада арнайы әдебиеттерді қарау;

5)        мәтінді белгілеу (мәтіннің алынып тасталынатын бөліктері тік жақшағаалынады);

6)        жақша сыртында қалған мәтінді оқу; байланыспайтын бөліктерін жою;

7)        түпнұсқа мәтінінің жақша сыртында қалған бөлігін толықтай жазбаша аудару.

Реферат жазуға қажетті біліктер:

- мәтін құрастыру тәсілдерін, мақала жазу жоспарын білу (кіріспедегі мәселенің тарихы, тәжірибеге негіздемелер, тәжірибе сипаттамасы, нәтижелері, қорытынды);

- мәтінді жалпылай зерттеу барысында мәтіннің мазмұнын алдын ала болжай ала білу.

Рефераттың елеулі және ерекше сипаттамасы ол – ақпараттылық. Басқа құжаттардың ешбір түрі бастапқы мәтіннің мазмұнын толық аша алмайды. Рефераттың дәл осы ерекшелігі бастапқы құжаттарды оқуға кететін уақытты 90 %-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

Рефераттардың көлемі:

Индикативті рефераттардың  орташа көлемі кемінде 500 баспа белгісі, ақпараттық рефераттар – 1000 баспа белгісі, шолу рефераттары – 2500-10000 баспа белгісі болады.

Реферат жазу бастапқы құжатты мағыналық қысқарту яғни компрессия болып табылады.

Компрессия дегеніміз бұл:

• негізгісі мен бастысын бөліп көрсету;

• осы басты мәселені қысқаша баяндау.

Осылайша, бастапқы мәтінді қысқартудың екі жолы бар:

1)        мардымсыз бөліктерін алып тастау;

2)        басты ойды қысқаша жаңа түрге өзгерту.

Реферат кең ауқымды контекстте ойдың логикалық даму заңдылықтары бойынша туған жаңа мәтін болып табылады, мысалы:

 

Бастапқы мәтін (орыс тілінде)

Реферат (ағылшын тілінде)

Реферат (қазақ тілінде)

 

1. Если нагреть фосфор без доступа

воздуха, то через некоторое время его

свойства резко изменятся: фосфор

приобретает красно-фиолетовый цвет,

перестает светиться в темноте, делается неядовитым и не самовоспламеняется на воздухе.

Describes the changes in the properties

phosphorus when heated without access

air.

Ауасыз қыздырғандағы фосфор қасиеттерінің өзгеруі сипатталады.

2. Метод радиоиммунных исследований имеет серьезные преимущества

перед другими методами: во-первых,

все исследования ведутся без введения

больному радиоактивных препаратов,

во-вторых, его чувствительность в сотни

раз выше, чем химических методов, и,

наконец, точность результатов намного

превосходит биохимические и химические методы анализа.

Outlines the advantages of radioimmunoassay studies

over other methods .

Радиоиммундық зерттеу әдістерінің басқа әдістерден артықшылықтары  жазылады.

3.Экономико-географические исследования имеют исключительное

значение для развития сети национальных парков.

Emphasizes the importance of economic-geographical research

for the development of a network of national parks.

Экономикагеографиялық зерттеулердің ұлттық парк жүйесін дамытудағы маңызы баса айтылады.

 

Аннотация (аңдатпа) дегеніміз таза ақпараттық мақсаттағы барынша ықшамдалған материалдың сипаттамасы. Аннотация реферат сияқты материалды өзімен алмастыра алмайды. Ол оқырманға кітаптың немесе мақаланың тек жалпы мазмұнын ғана береді. Аннотация жазу шеберлігі мәтіндегі ең маңыздысы мен бастысын дұрыс анықтай алуда.

Бастапқы құжаттың жалпы жоспарының көмегімен аннотация жазу оңайға түседі. Мазмұндаманы барынша ықшамдау үшін жоспардың негізгі тұжырымдамаларын біріктіру жолымен мүмкіндігінше ең аз тармақтарға келтіру керек.

Аннотацияның көлемі – 500 баспа белгілері. Анықтамалық (сипаттама) аннотациялардың көлемі 800-1000 баспа белгілерінен аспауы тиіс.

Аннотацияда түпнұсқаның негізгі үзінділері қолданылмайды, аннотация авторының тұжырымдамалары ғана беріледі. Аннотация лексикасы етістіктерден гөрі есім сөздердің және нақты зат есімдерден гөрі абстрактілі зат есімдердің көп болуымен, салыстырмалы тұйықтылығымен және лексикалық құрамының бірыңғайлығымен ерекшеленеді.

         

Аннотациялық аударманың түрлері

 

Аннотациялардың екі түрі болады: сипаттама және реферативті.

Сипаттама аннотациялық аударма материалдың мазмұнын ашпай, тек сипаттамасын береді. Көбінесе сипаттама аннотация потенциалды оқырман ақпарат алуы үшін аннотацияланатын мақала немесе кітап жоспарының жалпылама тұжырымдамалары болып табылатын атаулы сөйлемлерден тұрады. Сипаттама аннотация кітаптың басында беріледі және шығу мәліметтерінен басталады. Сондықтан дайын аннотацияны орыс тілінен қазақшаға аудара беруге болады, мысалы:

Нелюбин Л.Л Толковый переводоведческий словарь – 3-е изд., перераб. – М.: Флинта: Наука, 2003. – 320

Сөздік 224 ақпарат көздерінен алынған 2028 сөздік мақаладан тұратын ақпаратттық құрал болып табылады. Ақпарат құралы аударматану мәселесімен айналысатын барлық оқырмандарға арналған.

Өкінішке орай аннотациясы дұрыс берілмеген немесе мүлдем аннотациясыз кітаптар бар.

Реферативті аннотациялық аудармада материалдың құрылымы беріледі, яғни материалдың бір-бірімен байланысқан, барынша ықшамдалған түрі беріледі. Негізінен реферативті аннотация оқырманды еліктіру мақсатымен басалымның мұқабасына қойылады, алайда басыламдармен мақалалар бойынша ақпараттық мақсатта да құрылуы мүмкін.

Кең көлемді материалды қамтитын шолу рефераттары жеке мақалалар немесе кітаптарға жазылған, ішкі және сыртқы байланыс үшін белгілі бір реттілікпен орналасқан сипаттама және реферативті аннотациялардан тұратынын айта кеткен жөн.

Рефераттар, баяндамалар және ғылыми жұмыстарды жазу барысында ешбір жағдайда плагиатқа (дерекөздерді көрсетпей басқа біреулердің мәтіндерін пайдалану) жол бермеу керектігін есте сақтау керек.

Ғылымда бұл этикалық сипаттағы маңызды мәселе; оған қоса жұмыста плагиаттың анықталуы ғылыми дәрежеден айырылуға әкеп соғады. Басты қиындығы сол ғылыми жұмыс жазу барысында бұрынғы зерттеушілердің ойларына сүйенбеу мүмкін емес. Алайда белгілі бір мәселенің шешімі ретінде жаңа тәсіл ұсынылса бұл плагиат болып саналмайды.

Жас зерттеушілерге ғылыми жұмыстарында өзінің және біреудің ойлары мен ұсыныстарын бөліп көрсету, түпнұсқа мәтінін дұрыс дәйексөз келтіріп өз сөзімен айта білу өте маңызды. Көлтілді тұлғаларға, барлық тілдегі ғылыми мәтіндерде қолданылатын тілдік клишелермен грамматикалық құрылымдарды білу керек.        

Пікір 0

Пікір қалдырыңыз

Сайт бойынша іздеу

Мақалалар

Үздік мақалалар

Қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздар тілінің дамуына экстралингвистикалық факторлардың ықпалы 23 Маусым - 2 пікір

    Мемлекеттің кескін-келбетін сомдап, қоғамдық болмысын көрсететін тіл...

Толығырақ..
Ісқағаздарының орыс тіл біліміндегі жіктемесі 06 Желтоқсан - 0 пікір

Ісқағаздарын...

Толығырақ..
Іс қағаздары терминдерінің мемлекеттік тілде қолданылу ерекшеліктері 18 Маусым - 2 пікір

    Іс қағаздарын жүргізудің...

Толығырақ..