Ісқағаздарының орыс тіл біліміндегі жіктемесі

Ісқағаздарын жіктеу дегеніміз – құжаттарды барынша ортақ ұқсастық және айырмашылық белгілері (мазмұндық, жанрлық және т.б.) бойынша топтастыру. Осыған орай ісқағаздарын жіктеу оларды ағымдағы іс жүргізуде тез табуды қамтамасыз етуде және құжаттармен жұмыс істеудің шұғылдығын арттыруда маңызды саналады.

Ісқағаздарын жіктеудің мақсаты:

1) ақпаратты нақты тарату;

2) басқару аппараты жұмысының шұғылдығын белгілеу;

3) құрылымдық бөлімшелердің қызметі мен нақты орындаушылардың міндеттемелерін, жауапкершіліктерін айқындау;

4) еңбек тиімділігін аттыру болып табылады.

Қазақ тіл біліміндегі ресми стильге арналған ғылыми-практикалық зерттеулерді хронологиялық ретпен қарастыра келе, мынадай тұжырымдар жасалды:

1) қазақ тіл білімінде ғалымдардың ісқағаздарын әртүрлі сипаттары бойынша жіктеуі жалпы алғанда ұқсас болып келгенімен, айырмашылықтар да кездеседі;

2) осындай айырмашылықтарға байланысты жіктеме санының әртүрлілігі байқалады;

3) ісқағаздары жіктемесінің атауы әркелкі қолданылған, мысалы, ұйымдық – ұйымдық-құқықтық – өкілеттік – өкімдік, ақпараттық-анықтамалық – ақпаратты-анықтамалы – анықтамалық-ақпараттық – анықтамалық-хабарламалық, нормативті-жарлықшы – ұйымдық-өкімдік, түпнұсқа – түпнұсқалық, көшірме – көшірмелік және т.б.;

4) кейбір ісқағаздары бірнеше топта қатар аталса, кейбір тұста бір ғана ісқағазы әртүрлі топқа жатқызылған;

5) кейбір авторлардың ісқағаздарын мазмұны және қызметі бойынша жіктеуі дұрыстыққа жатпайды;

6) ісқағаздары жіктемесінің атауын орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда  сәйкессіздіктер кездеседі.

Қазақ тіл біліміндегі ісқағаздарының жіктемесін қарастыра отырып, оларды бағалау үшін салыстыра келгенімізде, орыс тіл білімінде де ісқағаздары әртүрлі сипаттарына қарай түрліше бөлінетіндігін анықтадық. Мысалы, Л.М.Яковлев ісқағаздарын мазмұнына және нысанына қарай: өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық, жазбаша актілер [1, 14], М.Г.Гаязо-Рапопорт пен А.Н.Сокова халықаралық, мемлекеттік, салалық, ұйымдық және мекемелік, жеке адамға қатысты ісқағаздары түрінде бөледі [2, 18]. Біздің ойымызша, соңғы жіктемеде ісқағаздарының құқықтық мәртебесі негізге алынғанға ұқсайды.

Ісқағаздары ресми қарым-қатынастың түрлі бағытына, құжат мазмұнындағы мәліметтің қызметіне, іске асырылу бағытына байланысты да қарастырылады. Мысалы, зерттеуші М.С.Плескачева ісқағаздарын: 1) ұйымдық-өкілеттік, ә) өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық; 2) қаржылық-есептік; 3) қамтамасыз ету-жөнелту құжаттары [3], М.Ю.Рогожин басқару, есептік, анықтамалық, бақылау құжаттары деп жіктейді [4, 17].

Сонымен қатар ісқағаздары 1) ұйымдық-өкімдік (ереже, жарғы, нұсқаулық, бұйрық, шешім, хаттама, штаттық кесте, регламент және т.б.), 2) анықтамалық-ақпараттық (хаттар, телеграмма, телефонограмма, баянхат, түсініктеме, анықтама, акт және т.б.); 3) жеке құрам бойынша (бұйрық, жеке іс, өтініш, еңбек кітапшасы, мінездеме, сауалнама, түйіндеме, келісімшарт және т.б.) сияқты типтерге бөлініп, әртүрлі сипаттары бойынша төмендегіше жіктеледі: 1) түрлері бойынша: ұйымдық-өкімдік, анықтамалық-ақпараттық, жеке құрам бойынша; 2) нысаны бойынша: жеке, типтік,  трафареттік; 3) мазмұны бойынша: жай, күрделі; 4) шығарылуына қарай: ресми, жеке; 5) жасалу орнына қарай: сыртқы, ішкі; 6) сақтау мерзімі бойынша: тұрақты, 10 жылдан артық, 10 жылға дейін; 7) жариялылық деңгейі бойынша: құпия (ҚПҮ, құпия, аса құпия, құпиялы), құпия емес; 8) белгілеу (фиксациялау) құралдары бойынша: қолжазба, машинажазба, графикалық, дыбыстық, фотокиноқұжаттар; 9) дайындалу сатысы бойынша: төлнұсқа (подлинник), шимайжазба, көшірме, көшірме үзінді; 10) жеделдігі бойынша: шұғыл, шұғыл емес [5]. Бұл еңбекте ісқағаздарын олардың өту ретіне сәйкес те жіктеуге болатындығы айтылады. Басқару жүйесі бойынша төменнен жоғарыға қарай жолданатын (жұмыскерден басшылыққа, ведомостволық бағынышты ұйымнан жоғары тұрған ұйымға) құжаттар болады (өтініш, қызметтік жазба). Басқа құжаттар жоғарыдан төменге қарай – басшылықтан қол астындағыларға, жоғары тұрған ұйымнан төмен тұрған ұйымға жөнелтіледі (бұйрық, өкім). Құқықтары теңдей, бір-біріне бағынбайтын серіктестер арасындағы заңдық және ақпараттық байланыстарды жүзеге асыру үшін қолданылатын құжаттар да болады [5].

Аталмыш еңбекте ісқағаздары қызметтік және іскери деп те бөлінеді. Қызметтік ісқағаздары фирма ішіндегі лауазымды тұлғалардың иерархиялық өзара қарым-қатынастарымен байланысты болса (қызметтік жазбалар, өтініш, өкім, бұйрық, хабарландыру және т.б.), іскери ісқағаздар сөйлеудің қолданылатын саласына және стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты мәтіндер әдетте үш шағын стильге бөлінеді: 1) дипломатиялық (халықаралық келісімшарт, келісім, конвенция, меморандум, нота, коммюнике және т.б.; ауызша түрі қолданылмайды деуге болады); 2) заңнамалық (заң, жарлық, азаматтық, қылмыстық және басқа мемлекеттік маңызды актілер; негізгі ауызша нысаны – сотта сөйлеген сөз); 3) басқарушылық (жарғы, келісімшарт, бұйрық, өкім, өтініш, мінездеме, сенімхат, қолхат және т.б.; ауызша нысаны – баяндама, қызметтік телефонт әңгіме, ауызша өкім) [5].

         Келесі бір оқу құралында ісқағаздары жанрлық сипатына қарай төмендегіше топтастырылады: ұйымдық (жарғы, ереже, нұсқаулық, штаттық кесте т.б.); өкімдік (қаулы, шешім, бұйрық, өкім т.б.); ақпараттық-анықтамалық құжаттар; алқалық органдар қызметінің құттамасы; жоспарлық құжаттама жүйесі; есептік құжаттама жүйесі; кадрлық құжаттама; бухгалтерлік құжаттама жүйесі. Автор бұл тізімді келісімшарттық құжаттама, алқалық басқару органдардың хаттамалық құжаттамасы, салық құжаттамасы, әлеуметтік қорғау бойынша құжаттама сияқты басқа да ісқағаздар тобымен толықтыруға болатынын айтады [6, 29-30]. Бұл еңбекте ісқағаздары аумақтық, қызметтік, басқару деңгейі және т.б. бойынша да, функционалдық жүйелері бойынша (ұйымдық-өкімдік, жоспарлы, есептік-статистикалық және т.б.) да жіктеліп, салалық басқару (министрліктер, ведомстволар) органдардың қызметін бейнелейтін құжаттама жүйесі салалық деп аталады. Сонымен бірге мекемеден жіберілетін хаттар бастамалық және жауап сияқты екі түрге бөлініп, хаттардың ілеспе, ақпараттық, жарнамалық, шақыру-хат, хабарлама-хат, растау-хат және т.б., жоспарлық құжаттардың жоспар, бағдарлама, график, сызба, бас сызба және т.б., есептік құжаттаманың мемлекеттік статистикалық есептілік, ведомостволық есептілік, мекемеішілік есептілік және т.б., кадрлық ісқағаздарының еңбек шарттары (келісімшарттар), жеке құрам бойынша бұйрықтар (қабылдау, босату, ауыстыру), еңбек кітапшасы, жеке карточка, жеке іс, жеке шот сияқты түрлері аталады [6, 46]. Бір айта кететін жайт – бұл еңбекте хаттама ақпараттық ісқағаздарына да (қандай да мәселені талқылау туралы ақпараттан тұрады), өкімдік ісқағаздарына да (мәселені қою және шешім (қаулы) қабылдау бөліктері болады) жатқызылған.

Орыс тіл біліміндегі соңғы зерттеулердің бірі – Т.П.Слесареваның жұмысында ісқағаздары төмендегідей маңызды белгілері бойынша жіктеледі:

1) мазмұны бойынша: әкімшілік мәселелер бойынша; материалдық-техникалық жабдықтау бойынша; жоспарлау бойынша; оперативтік қызмет бойынша; бухгалтерлік есеп бойынша; кадрларды даярлау және орналастыру бойынша; қаржылық-кредиттік және сыртқы сауда бойынша және т.б.

2) атауы бойынша: бұйрық, өкім, жоспар, есеп, акт, хаттама, келісімшарт, жарлық, нұсқаулық, анықтама, баянхат, түсініктеме, қызметтік хат, телеграмма, стандарт, техникалық шарттар, төлем талаптары мен тапсырмалары, сенімхат және т.б.;

3) ақпаратты белгілеу тәсілі бойынша: жазба (қолжазба,  машинажазба, типографиялық, көбейткіш аппараттарда дайындалған құжаттар, дербес компьютерлерде басылған), графикалық жәнефотофоно-киноқұжаттар;

4) күрделілік деңгейіне қарай: жай (бір ғана мәселе қарастырылады) және күрделі (бірнеше мәселе қарастырылады);

5) жариялылық деңгейіне қарай: ашық (құпия емес) және қолжетімділігі шектеулі. Қолжетімділігі шектеулі құжаттардың құпиялылық деңгейі әртүрлі болады: аса құпия, құпия, қызметтік пайдалануға арналған құжаттар, «құпия» грифі бар құжаттар;

6) заңдық күші бойынша: шынайы және жалған. Шынайы  құжаттардың жарамды және жарамсыз түрі болады. Мерзімі өткен немесе басқа құжатпен ауыстырылған құжаттар жарамсыз құжаттар болады;

7) орындалу мерзіміне қарай: шұғыл және шұғыл емес.

8) жасалу орнына қарай: қызметтік, кәсіпорындарда, ұйымдарда дайындалған және жеке (азаматтардың хаттары);

9) сақтау мерзімі бойынша: уақытша және тұрақты. Уақытша сақталатын құжаттар өз кезегінде 10 жылға дейін және 10 жылдан артық сақталатын құжаттар болып бөлінеді;

10) міндеттілік деңгейі бойынша: ұйымның өндірістік және басқа да қызметтері туралы мәліметтер мен деректерден тұратын ақпараттық және заңдық және техникалық нормалардан тұратын, орындалуға міндетті – директивті;

11) бірізділік (унификация) деңгейі бойынша: жеке, типтік, трафареттік, үлгілік және сауалнама және кесте түрінде біріздендірілген құжаттар [7, 3].

 

Кесте 1 – Орыс тіл біліміндегі ісқағаздарының жіктемесі

 

Басшылыққа алынатын ұстаным

Жіктеме атауы

Ісқағаздар түрлері

Ғалым

Атауы бойынша

 

бұйрық, өкім, жоспар, есеп, акт, хаттама, келісімшарт, жарлық, нұсқаулық, анықтама, баянхат, түсініктеме, қызметтік хат, телеграмма, стандарт, техникалық шарттар, сенімхат

Т.П.Слесарова

Түрлері бойынша

ұйымдық-өкімдік

 

Л.В.Павлюк, Т.И.Киселева, Н.И.Воробьев

анықтамалық-ақпараттық

 

жеке құрам бойынша

 

Мазмұны бойынша

жай

 

Л.В.Павлюк, Т.И.Киселева

күрделі

 

әкімшілік мәселелер бойынша

 

Т.П.Слесарева

материалдық-техникалық жабдықтау бойынша

 

жоспарлау бойынша

 

оперативтік қызмет бойынша

 

бухгалтерлік есеп бойынша

 

кадрларды даярлау, орналастыру бойынша

 

 

қаржылық-кредиттік, сыртқы сауда бойынша

 

Мазмұны және нысаны бойынша

өкілеттік

 

Л.М.Яковлев

анықтамалық-ақпараттық

 

жазбаша актілер

 

Нысаны бойынша

жеке

 

Л.В.Павлюк, Т.И.Киселева

типтік

 

трафареттік

 

Қызметі бойынша

дипломатиялық

халықаралық келісімшарт, келісім, конвенция, меморандум, нота

Л.В.Павлюк, Т.И.Киселева, Н.И.Воробьев

заңнамалық

заң, жарлық, азаматтық, қылмыстық және басқа мемлекеттік маңызды актілер

басқарушылық

жарғы, келісімшарт, бұйрық, өкім, өтініш, мінездеме, сенімхат, қолхат

ұйымдық-өкімдік

 

Т.В.Сиганова

жоспарлы

 

есептік-статистикалық

 

басқару

 

М.Ю.Рожогин

есептік

 

анықтамалық

 

жоспарлық

 

бақылау

 

Құқықтық мәртебесі бойынша

халықаралық

 

М.Г.Гаязо-Рапопорт, А.Н.Сокова

ұйымдық

 

мемлекеттік

 

салалық

 

мекемелік

 

жеке адамға қатысты

 

Жанры бойынша

ұйымдық-өкілеттік

ереже, жарғы, нұсқаулық, қаулы, шешім, бұйрық, өкім

М.Плескачева

анықтамалық-ақпараттық

хаттама, қызметтік хат, жеделхат, баянхат, анықтама

қаржылық-есептік

 

қамтамасыз ету-жөнелту құжаттары

 

 

ұйымдық

жарғы, ереже, нұсқаулық, штаттық кесте

Т.В.Сиганова

өкімдік

қаулы, шешім, бұйрық, өкім

ақпараттық-анықтамалық

 

алқалық органдар қызметіне қатысты

 

жоспарлық

 

есептік

 

кадрлық

 

бухгалтерлік

 

Шығарылуы бойынша

сыртқы

 

Л.В.Павлюк, Т.И.Киселева

ішкі

 

Сақтау мерзімі бойынша

тұрақты

 

Л.В.Павлюк, Т.И.Киселева, Н.И.Воробьев

10 жылдан артық

 

10 жылға дейін

 

уақытша

 

Т.П.Слесарова

тұрақты

 

Жариялылық деңгейі бойынша

құпия (ҚПҮ, құпия, аса құпия, құпиялы)

 

Л.В.Павлюк, Т.И.Киселева, Н.И.Воробьев

құпия емес

 

ашық (құпия емес)

 

Т.П.Слесарова

қолжетімділігі шектеулі

 

Белгілеу (фиксациялау) құралдары бойынша

қолжазба

 

Т.П.Слесарова

машинажазба

 

графикалық

 

дыбыстық

 

фотокиноқұжаттар

 

Дайындалу сатысы бойынша

төлнұсқа (подлинник)

 

Т.П.Слесарова

шимайжазба

 

көшірме

 

көшірме үзінді

 

Жеделдігі бойынша

шұғыл

 

Т.П.Слесарова

шұғыл емес

 

Өту реті бойынша

төменнен жоғарыға қарай жолданатын

 

Т.П.Слесарова

 

жоғарыдан төменге қарай

 

құқықтары теңдей мекемелер арасындағы

 

Күрделілік деңгейі бойынша

жай

 

Т.П.Слесарова

күрделі

 

Заңдық күші бойынша

шынайы

 

Т.П.Слесарова

жалған

 

Орындалу мерзімі бойынша

шұғыл

 

Т.П.Слесарова

шұғыл емес

 

Жасалу орны бойынша

қызметтік

 

Т.П.Слесарова

кәсіпорындарда, ұйымдарда дайындалған

 

жеке

 

Міндеттілік деңгейі бойынша

ақпараттық

 

Т.П.Слесарова

директивті

 

Бірізділік (унификация) деңгейі бойынша

жеке 

 

Т.П.Слесарова

типтік

 

трафареттік

 

үлгілік

 

сауалнама және кесте түрінде біріздендірілген құжаттар

 

 

Орыс тіл біліміндегі ресми стильге арналған ғылыми-практикалық зерттеулерді хронологиялық ретпен қарастыра келе, мынадай тұжырымдар жасауға болады:

1) орыс тіл білімінде ғалымдардың ісқағаздарын әртүрлі сипаттары бойынша жіктеуі жалпы алғанда ұқсас болып келгенімен, айырмашылықтар да кездеседі (2-кесте);

2) осындай айырмашылықтарға байланысты жіктеме санының әртүрлілігі байқалады;

3) кейбір ісқағаздары бірнеше топта қатар аталса, кейбір тұста бірдей ісқағаздары әртүрлі топқа жатқызылған;

4) қазақ тіл біліміндегі жіктемелерге қарағанда, орыс тіл біліміндегі жіктемелердің саны мол және бұл осы саланың тереңірек зерттелгенін көрсетсе керек.

 

Пікір 0

Пікір қалдырыңыз

Сайт бойынша іздеу

Мақалалар

Үздік мақалалар

Қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздар тілінің дамуына экстралингвистикалық факторлардың ықпалы 23 Маусым - 2 пікір

    Мемлекеттің кескін-келбетін сомдап, қоғамдық болмысын көрсететін тіл...

Толығырақ..
Ісқағаздарының орыс тіл біліміндегі жіктемесі 06 Желтоқсан - 0 пікір

Ісқағаздарын...

Толығырақ..
Іс қағаздары терминдерінің мемлекеттік тілде қолданылу ерекшеліктері 18 Маусым - 2 пікір

    Іс қағаздарын жүргізудің...

Толығырақ..