Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдау барысында қазақ тілінің мəртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін тапсырған болатын. Мемлекет басшысы Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиістігін атап көрсетті. Осыдан кейінгі Үкіметтің алғашқы отырысы толықтай дерлік қазақ тілінде өтті.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев отырысты қазақша жүргізіп отырды. Жиында күн тәртібіне сәйкес, Қазақстанға инвестицияларды тарту мәселелері, орта білім беру ұйымдарының жаңартылған мазмұнға көшу жайы қаралды. Сондай-ақ Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық сызбасы бекітілді.
Аталған мәселелер бойынша баяндама жасаған лауазымды тұлғалар мен өңірлерден бейнебайланыс көмегімен қосылған облыс әкімдері мемлекеттік тілде сөйледі. Ал қазақ тілін меңгермеген Үкімет мүшелері мен жауапты тұлғалар үшін ілеспе аударма қамтамасыз етілді.
Отырыс барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді шетел инвестицияларын тарту жайын баяндады. Қазір Қазақстанда жалпы сомасы 47,8 миллиард доллар болатын 145 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оларда 35 мың жұмыс орны құрылмақ.
– Бұлардың құрамында Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Түркия сияқты барлық еларалық ынтымақтастық бағдарламаларының инвестициялық жобалары бар. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы 27,7 млрд долларлық 51 жоба жүзеге асырылуда. Құны 140 млн долларлық 4 жобасы – Павлодар облысындағы ұнтақ полипропилен өндіретін зауытты жаңғырту, JAC брендіндегі жеңіл автокөліктерді шығару, СҚО-да рапс майын өндіру және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағындағы құрғақ порты жобалары іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылы 11 жобаның құрылысы жүреді, – деді министр Ж.Қасымбек.
Биылғы қазақ-қытай жобалары арасында ОҚО-дағы металлургиялық зауыт, Жамбыл облысындағы фосфор үш хлориді және глифосат өндірісі, ПЭТ қалдықтарын қайта өңдеу, ОҚО-да штапельді талшық шығару бар. Осы жылы қытай капиталының қатысуымен тағы 5 жобаның құрылысы басталады. Оларға Қытай елінің инвесторлары 623 млн доллар салмақ. Нәтижесінде, Қарағанды облысында өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндіретін зауыт, Қызылорда облысында кальцийленген сода өндірісі және басқалары қолданысқа берілуге тиіс.
Қазақстан мен Түркия арасындағы бірлескен «Жаңа синергия» бағдарламасы аясында 26 жоба қолға алынып, оларға жалпы көлемі 899 млн доллар инвестиция құйылмақ. Бүгінде 3,5 млн доллар тұратын бір жоба іске асырылған. Биыл 15,5 млн долларлық 2 жобаның құрылысы басталады. Олар – Оңтүстік Мойынты алаңындағы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған Calik Holding компаниясының жобасы (10 млн доллар) және GOLD Aluminium компаниясының алюминий мен пластмассалық пішін-профильдер өндірісіне қайта инвестиция жасау (5,5 млн доллар).
Ж.Қасымбек жобаларды іске асыруды тежейтін түйінді проблемалар бойынша жүйелі түрде, айына 2 рет жеке тыңдау жүргізетіндерін мәлім етті.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Тілеубердінің айтуынша, Мемлекет басшысы экономикалық дипломатияны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Шетелдерге ресми сапарлардың барлығында дерлік шетелдік бизнес қауымдастықтармен жеке кездесулер өтеді, коммерциялық келісімдер жасалады. Мәселен, Елбасының 2016-2017 жылдардағы сапарлары аясында 6 млрд доллардан астам сомаға инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылды. Президенттің биылғы қаңтардағы АҚШ-қа ресми сапары кезінде шамамен 7 млрд долларлық 27 құжат бекітілді.
Жиынды қорытындылаған Премьер-министр Б.Сағынтаев инвестиция тарту әрбір облыс әкіміне жүктелгенін, 2017 жылы инвестиция тартудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізілгенін атап өтті. 145 инвестжобадан тұратын тізім анықталды, оларға тұрақты түрде мониторинг жасалуда. Олардың барлық мәселелерін «бір терезе» шеңберінде жедел түрде шешу жүктелді.
Б.Сағынтаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында трансұлттық компаниялар мен «зәкірлі инвесторларды» тарту міндеті тұрғанына тоқталды. Сондай-ақ 51 қазақ-қытай бірлескен жобасын іске асыруды «төтенше маңызды» деп таныған Үкімет жетекшісі Инвестициялар және даму министріне осы жобалардың әрқайсысы бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. «Адамдарға бұлардың ескі емес, жаңа жобалар екенін жеткізуіміз керек» деді ол.
Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев орта білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұнға көшу жайын баяндады. Бұл жұмыс кестеге сәйкес жүргізіледі. Министрдің айтуынша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқытуға көшкен мұғалімдердің лауазымдық еңбекақылары 30 пайызға артты. Сондай-ақ «0-сынып оқушыларынаарналған оқулықтардыбірден латын қарпінде басып шығару орынды деп есептейміз. Бұл қаржылай жағынан да тиімді болмақ» деді Е.Сағадиев.
Министрдің айтуынша, бұдан былай оқулықтар білім беру стандарттары мен оқыту бағдарламаларында едәуір өзгерістер болса ғана қайта басып шығарылады. Оған дейін әкімдіктер оқулықтардың жетіспейтін санын ғана сатып алуға құқылы.
Талқылауды қорытындылаған Б.Сағынтаев білім беру саласындағы реформаларды іске асыруда мұғалімдер мен қоғам пікірін ескеруді тапсырды.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдау барысында қазақ тілінің мəртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін тапсырған болатын. Мемлекет басшысы Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиістігін атап көрсетті. Осыдан кейінгі Үкіметтің алғашқы отырысы толықтай дерлік қазақ тілінде өтті.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев отырысты қазақша жүргізіп отырды. Жиында күн тәртібіне сәйкес, Қазақстанға инвестицияларды тарту мәселелері, орта білім беру ұйымдарының жаңартылған мазмұнға көшу жайы қаралды. Сондай-ақ Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық сызбасы бекітілді.
Аталған мәселелер бойынша баяндама жасаған лауазымды тұлғалар мен өңірлерден бейнебайланыс көмегімен қосылған облыс әкімдері мемлекеттік тілде сөйледі. Ал қазақ тілін меңгермеген Үкімет мүшелері мен жауапты тұлғалар үшін ілеспе аударма қамтамасыз етілді.
Отырыс барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді шетел инвестицияларын тарту жайын баяндады. Қазір Қазақстанда жалпы сомасы 47,8 миллиард доллар болатын 145 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оларда 35 мың жұмыс орны құрылмақ.
– Бұлардың құрамында Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Түркия сияқты барлық еларалық ынтымақтастық бағдарламаларының инвестициялық жобалары бар. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы 27,7 млрд долларлық 51 жоба жүзеге асырылуда. Құны 140 млн долларлық 4 жобасы – Павлодар облысындағы ұнтақ полипропилен өндіретін зауытты жаңғырту, JAC брендіндегі жеңіл автокөліктерді шығару, СҚО-да рапс майын өндіру және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағындағы құрғақ порты жобалары іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылы 11 жобаның құрылысы жүреді, – деді министр Ж.Қасымбек.
Биылғы қазақ-қытай жобалары арасында ОҚО-дағы металлургиялық зауыт, Жамбыл облысындағы фосфор үш хлориді және глифосат өндірісі, ПЭТ қалдықтарын қайта өңдеу, ОҚО-да штапельді талшық шығару бар. Осы жылы қытай капиталының қатысуымен тағы 5 жобаның құрылысы басталады. Оларға Қытай елінің инвесторлары 623 млн доллар салмақ. Нәтижесінде, Қарағанды облысында өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндіретін зауыт, Қызылорда облысында кальцийленген сода өндірісі және басқалары қолданысқа берілуге тиіс.
Қазақстан мен Түркия арасындағы бірлескен «Жаңа синергия» бағдарламасы аясында 26 жоба қолға алынып, оларға жалпы көлемі 899 млн доллар инвестиция құйылмақ. Бүгінде 3,5 млн доллар тұратын бір жоба іске асырылған. Биыл 15,5 млн долларлық 2 жобаның құрылысы басталады. Олар – Оңтүстік Мойынты алаңындағы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған Calik Holding компаниясының жобасы (10 млн доллар) және GOLD Aluminium компаниясының алюминий мен пластмассалық пішін-профильдер өндірісіне қайта инвестиция жасау (5,5 млн доллар).
Ж.Қасымбек жобаларды іске асыруды тежейтін түйінді проблемалар бойынша жүйелі түрде, айына 2 рет жеке тыңдау жүргізетіндерін мәлім етті.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Тілеубердінің айтуынша, Мемлекет басшысы экономикалық дипломатияны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Шетелдерге ресми сапарлардың барлығында дерлік шетелдік бизнес қауымдастықтармен жеке кездесулер өтеді, коммерциялық келісімдер жасалады. Мәселен, Елбасының 2016-2017 жылдардағы сапарлары аясында 6 млрд доллардан астам сомаға инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылды. Президенттің биылғы қаңтардағы АҚШ-қа ресми сапары кезінде шамамен 7 млрд долларлық 27 құжат бекітілді.
Жиынды қорытындылаған Премьер-министр Б.Сағынтаев инвестиция тарту әрбір облыс әкіміне жүктелгенін, 2017 жылы инвестиция тартудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізілгенін атап өтті. 145 инвестжобадан тұратын тізім анықталды, оларға тұрақты түрде мониторинг жасалуда. Олардың барлық мәселелерін «бір терезе» шеңберінде жедел түрде шешу жүктелді.
Б.Сағынтаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында трансұлттық компаниялар мен «зәкірлі инвесторларды» тарту міндеті тұрғанына тоқталды. Сондай-ақ 51 қазақ-қытай бірлескен жобасын іске асыруды «төтенше маңызды» деп таныған Үкімет жетекшісі Инвестициялар және даму министріне осы жобалардың әрқайсысы бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. «Адамдарға бұлардың ескі емес, жаңа жобалар екенін жеткізуіміз керек» деді ол.
Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев орта білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұнға көшу жайын баяндады. Бұл жұмыс кестеге сәйкес жүргізіледі. Министрдің айтуынша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқытуға көшкен мұғалімдердің лауазымдық еңбекақылары 30 пайызға артты. Сондай-ақ «0-сынып оқушыларынаарналған оқулықтардыбірден латын қарпінде басып шығару орынды деп есептейміз. Бұл қаржылай жағынан да тиімді болмақ» деді Е.Сағадиев.
Министрдің айтуынша, бұдан былай оқулықтар білім беру стандарттары мен оқыту бағдарламаларында едәуір өзгерістер болса ғана қайта басып шығарылады. Оған дейін әкімдіктер оқулықтардың жетіспейтін санын ғана сатып алуға құқылы.
Талқылауды қорытындылаған Б.Сағынтаев білім беру саласындағы реформаларды іске асыруда мұғалімдер мен қоғам пікірін ескеруді тапсырды.
Пікір 0
Пікір қалдырыңыз