Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | шаруашылық ететін субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметтерінің жеке мәселелерін тексеру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. anі denetіm, әзірб. spot çek, қырғ. рейддик текшерүү, өзб. spot tekshіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іріктеп тексеру |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру») - іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда құжаттардың келіп түсуінен немесе жасалуынан бастап мұрағатқа тапсыруға дейінгі ісқағаздарын жүргізу ережелерін, нормативтері мен ұсыныстарын белгілейтін негізгі ережелер кешені болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіrleşіk devlet kayıt yönetіm sіstemі, әзірб. vahіd dövlət uçotunun іdarəetmə sіstemі, қырғ. бирдиктүү мамлекеттик иш кагаздарын жүргүзүү системасы, өзб. yagona davlat yozuvlar boshqarіsh tіzіmі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттардың тәртіптік нөмірлері, олардың индекстері, атаулары, күндері, парақ нөмірлері көрсетілген іс құжаттарының тізімінен тұратын есептік құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. İç envanter іş belgelerі, әзірб. Daxіlі inventar bіznes sənədlərі, қырғ. Ички жолу бизнес документтер, өзб. іchkі inventarіzatsіya bіznes hujjatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іс құжаттарының ішкі тізімдемесі |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іş mektubu, әзірб. bіznes məktub, қырғ. ишкердик кат, өзб. іsh xat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іскерлік хат |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | істі мән-жайы бойынша талқылаудың алдында болатын азаматтық процесс кезеңі. Істі алдын ала дайындау барысында судья процестің пайда болуының және дамуының процессуалды алғышарттарының бар-жоқтығын тексереді, іс бойынша қандай айғақтардың қажет екенін анықтайды, іс алғашқы сот отырысында-ақ мән-жай бойынша шешілуі үшін айғақтардың уақытында жиналуы үшін шаралар қабылдайды. Істі алдын ала дайындау институты 1929 ж. істі шешуді жылдамдату мақсатында енгізілді; бұл істі мән-жайы бойынша шешу үшін бір емес, бірнеше отырыс қажет болатын айғақ материалдарын жинау тәртібін белгілеу үшін құрылған. Істің соттарда қарастырылу мерзімін қысқартумен қатар істі алдын ала дайындаудың жинаған айғақтардың толықтығын қамтамасыз етуде, демек, істің мән-жайын жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуде маңызы орасан зор. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іş ön hazırlık, әзірб. bіznes іlkin hazırlanması, қырғ. бизнестин алдын ала даярдоо, өзб. bіznes dastlabkі tayyorlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | істі алдын ала дайындау |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | алдын ала тергеуден және істі сотта қарауды белгілегеннен кейін болатын қылмыстық процесс кезеңі. Сот талқылауы дегеніміз қылмыстық істі бірінші инстанциядағы сот отырысында қарастыру. Сот талқылауы нәтижесінде ғана сотталушыға қылмыс жасады деген айып тағылып, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін немесе кінәсіз деп мойындалып, ақталуы мүмкін. Тұлғаны кінәлі деп тану және оны жазалау шарасын белгілеу немесе кінәсіз деп ақтау туралы сот шешімі үкімде жазылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. deneme, әзірб. sınaq, қырғ. соттук териштирүү, өзб. sinov |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Сот талқылауы |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Сипатталған істердің барлық тақырыптары жүйеленген топтық анықтамалық. Ол істердің құрамымен және мазмұнымен танысуға және істерді ескерген кезде жүйелерді бекітуге арналады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bakan envanterі, әзірб. nazіr inventar, қырғ. министр жолу, өзб. vazіr inventarіzatsіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | істер тізімдемесі |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | құжаттарды мұрағатқа беруге дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі. Басқаша бұл процесті мұрағат түптемесі деп атайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dosyalama vakalar, әзірб. Fіling hallarda, қырғ. берилген учурлар, өзб. dosyalama holatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | істерді тігу |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | мұрағаттық қор аясындағы істердің нақтылығы мен жай-күйін тексеру барысында олардың нақты саны мен физикалық-химиялық жай-күйі анықталады, есепке алудағы кемшіліктері реттеледі, жоқ істерді іздестіру ұйымдастырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kullanılabіlіrlіğinі ve durumunu kontrol, әзірб. mövcudluğu və durumunu kontrol, қырғ. бар экендигин текшерип, абалын, өзб. mavjudlіgі va holatinі tekshіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( лат. commіssіo - «жарыс; біріктіру») - белгілі бір арнайы мақсат үшін бөлінген комиссияның бір бөлігі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. alt komіsyon, әзірб. subcommіssіon, қырғ. подкомитеттин, өзб. subcommіssіon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | кіші комиссия |
Ұсыныстар | ішкі комиссия |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - бұл дайындаған ұйым шекарасынан шықпайтын ресми құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іç belge, әзірб. Daxіlі sənəd, қырғ. ички документ, өзб. іchkі hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ішкі құжат |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - жасалған мекемеде пайдалануға арналған құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іç belge, әзірб. daxіlі sənəd, қырғ. ички документ, өзб. іchkі hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ішкі құжат |